29.11.2019
«Қазақстан педагогтар қауымдастығының» Ұстаздар мерекесіне орай еліміздегі барлық білім беру мекемелерінде (балабақша, мектеп, колледж, институт, университет, т.б.) қызмет ететін педагогтар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосу және білім саласының озат мамандарын анықтау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын республикалық «Үздік ұстаз - 2019» байқауына құжаттар қабылданған.
БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:
1. Байқауға өтініштер 2 категория(бағыт) бойынша қабылданды.
1-ші категорияда(бағыт) «Қазақстанның үздік ұстазы» ордені және «Ы.Алтынсарин» медалі сарапқа салынады. Аталмыш марапатқа ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы шарт.
2-ші категорияда(бағыт) «Үздік педагог», «Педагогика саласының үздігі», «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін», «Құрметті педагог», «Үздік жас педагог», «Педагогика майталманы», «Педагогика саласының ардагері» төсбелгілері сарапқа салынады. Аталмыш төсбелгіге ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі 3 жылдан кем боламауы шарт.
ЕСКЕРТУ: «Үздік ұстаз - 2019» байқауына қатысу үшін өтінішті толтырған кезде категорияны (орден, төсбелгі) көрсетулеріңіз қажет болған.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әр қатысушы ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған және қажет деп табылған құжаттар тізімін толықтырып, түгендеп, 2019 жылы қыркүйек айының 27 жұлдызына дейін Қауымдастықтың kaz_pedagogika@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс болды (конкурсқа қатысу үшін жіберілетін құжаттардың үлгілері қосымша парақта). Ұсыныс құжаттарын арнайы құрылған сараптау комиссиясы тексеріп, бағаланды. Сараптау комиссиясының шешімімен үздік деп табылған қатысушылар аталмыш төсбелгілерге лайық деп танылып, қатысушы марапат иегері атанды. Біздің мектемізден Галина Меруерт Есимхановна қатысты.
Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Үздік ұстаз – 2019» Республикалық байқауы іріктеу кезеңінің
ХАТТАМАСЫ
Құжаттар қабылдау мерзімі: 13-27.09.2019 жыл
Іріктеу кезеңінің өткізілген мерзімі: 25-29.09.2019 жыл
«Үздік ұстаз – 2019» республикалық байқауының іріктеу кезеңіне қатысуға еліміздің барлық аймақтарынан барлығы 5194 өтініш, бірінші бағыт бойынша 2115, екінші бағыт 3079 бойынша педагогтан өтініш келеп түсті. 203 педагогтің құжаттары дұрыс рәсімделмегендіктен және қабылдау уақытынан кешігуіне байланысты өтініштері қарастырылмады№ жалпы конкурстың іріктеу кезеңінде 4991 педагогтің өтініштер қаралды.
Арнайы комиссия отырысының қортындысы бойынша 4991 педагогтің арасынан бірінші бағыт бойынша 299, екінші бағыт бойынша 331 педагог іріктеу кезеңінен өтіп, жеңімпаз атанды. Жеңімпаздардың ішінде біздің мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Галина Меруерт Есимхановна бірінші бағыт бойынша «Ы.Алтынсарин» медалімен марапатталды.