Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің
ұстаздар күніне арналған іс – шаралар есебі.
2018 – 2019 оқу жылы.
Қазан айының 1-нен 6 дейін ұстаздар мерекесіне арналған іс – шаралар жоспарланды.
Әр сыныпта «Ұстаз аты-биік,әрі мәңгілік», «Ұстаз – ұлы есім» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
Бастауыш сыныптарының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Айтжанова Ләйлә Өмірбековна 2 «а» сыныбымен барлық бастауыш сынып ұстаздарын құттықтады.
«Ұстазға құрмет – шәкірттік ізет» тақырыбында фотокөрмені 5-6 сынып оқушылары дайындады. Оқушылар ұстаздарға арнап жылы лебіздерін білдірді.
Мұғалімдерге арналған «Менің сүйікті ұстазым» атты бейнероликтер 7, 8, 10 сынып оқушыларының атынан ұсынылды. Бейнероликтер мереке
күні дәлізде көрсетілді.
9 сыныптарының ұйымдастыруымен 6 қазан күні ұстаздар мерекесі атап өтілді. Оқушылар ұстаздарға арнап слайд жасап, гүл шоқтарымен қарсы алды. Іс-шараға ардагер ұстаздар шақырылды. Әр бірлестік ұстаздарын жеке–жеке құттықтап, мұғалімдермен түрлі ойындар өткізіліп, викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Мерекелік іс – шара жоғарғы деңгейде өткізілді.
Жауапты: Жангалиева М.А.