«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ САБЫНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ҮСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМЕНИ УСЕНОВА СЕЛА САБЫНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Әлеуметтік желдеміз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15.10.2018

Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінің

халықаралық қыздар күніне қыздар арасында

өткізілген баскетбол жарысының   есебі.

2018 – 2019 оқу жылы.

 

Дене шынықтыру пәні мұғалімдері 6 қазан күні 5 – 11 сынып қыздары арасында баскетболдан жарыс өткізді. Жарыс ережесі бойынша әр сыныптан 5 қыздан қатысты. Жас ерекшеліктеріне қарай екі кезеңмен, яғни 5 – 7 сынып арасында және 8-11 сынып арасында,  өткізілді. Жарыстың нәтижесі бойынша 5 – 7 сыныптары арасында 1 – орынды 7 «А» сыныбы, 2 – орынды 5 «А» сыныбы және 3 – орынды 6 «Ә» сыныбы иеленді. Үздік ойыншы ретінде 7 «А» сынып оқушысы Серикова Фариза және 5 «А» сынып оқушысы Еркінбай Еркежан мақтау қағаздарымен марапатталды.

Жоғары сынып оқушыларының арасындағы жарыста 1 – орынды 10 «А» сыныбы, 2 – орынды 8 «А» сыныбы және 3 – орынды 9 «А» сыныбы иеленді. 10 «А» сынып оқушысы Қабдрашева Ақниет және 9 «А» сынып оқушысы Серикбаева Дильназ үздік ойыншы ретінде марапатталды.

Жарыс соңында ұстаздар командасы жеңімпаз 10 «А» сыныбы командасымен ойын көрсетті.

Просмотров: 629


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст