Текст
Әнуарбек Үсеновтың 84 жылдығына орай 2 А, 2 Ә, 2 Б және 5 А, 5 Б сыныптарының белсенді және үздік оқушыларын «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» қатарына қабылдау салтанатты рәсімін аға тәлімгер Жангалиева М.А. және «Болашақ» балалар ұйымы өткізді. Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар және мектеп әкімшілігі шақырылды. Ұстаздар оқушыларға тілектерін білдіріп, төс белгілерін тақты. Оқушылар ант беріп «Жас Қыран», «Жас Ұлан» қатарына қабылданды.