Текст
Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылуына 28 жыл толуына орай 5 - 8 орта буын
сыныптары арасында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды. Дене шынықтыру
мұғалімдері Шарипов М.Б., Халабаева З.Р., Попов В.В. жауапты болды. Әр команда
құрамы 3 ұл бала және 2 қыз баладан құралды. Қатысушы командалар жребий арқылы
қарсыластарын таңдады. Жарыста І орынды 8
А сынып командасы иеленді, ІІ орын 7 Ә сыныбына, ІІІ орын 7 А сыныбына
бұйырды. Жеңген командалар мақтау
қағаздарымен марапатталды.