«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ САБЫНДЫ АУЫЛЫНЫҢ ҮСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМЕНИ УСЕНОВА СЕЛА САБЫНДЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КОРГАЛЖЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

Әлеуметтік желдеміз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2017

Үсенов атындағы Сабынды орта мектебінде

8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген

«Көктем аруы – 2017» байқауының есебі

4 наурыз күні мектебімізде «Көктем аруы – 2017» байқауы өткізілді. Байқауға 7 - 10 сынып қыздары қатысты. Әр сыныптан бір-бір арудан байқауға ат салысты.  

Байқаудың мақсаты: қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Байқау 6 кезеңнен құралды:

·       «Мен – қазақтың қызымын» таныстыру

·       «Білімді мыңды жығар». Сұрақ–жауап (салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап)

·       Шебер шыңы (ұршық иіру) 

·       «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету сайысы

·       «Өнер таусылмас азық» қолөнер сайысы

·       «Оюлар сыр шертеді» оюларды ою және таныстыру.

Сайысты бастамас бұрын әділ – қазы алқасы тағайындалды:

1.    Тәрбие ісінің меңгерушісі Сатанова Шолпан Қайыркеновна

2.    Әйелдер ұйымының төрайымы Қайдарова Бақыт Қайдаровна

3.    «Дудар - ай» тобының әншісі  Абзелов Мақсат Қайырұлы

4.    Сабынды ауылдық округінің мәдениет бөлімінің қызметкері Какабев Хусеин Жангалиевич

5.    «Ботақан» шағын орталығының тәрбиешісі – Мукашева Айгүл Балғабаевна.

Қатысушы арулар барлық кезең талаптарына сай жақсы дайындалып, өздерін көрсете білді.

Сайыс нәтижесі бойынша  «Көктем аруы – 2017» атағына ие болған 8 Б сыны аруы –Попова Надежда. І орын иеленген - 7 Ә сынып аруы Мүбарак Диана, ІІ орын – 10 А сынып аруы Қалқайдарова Арайлым, ІІІ орында  - 9 А сынып аруы Ақжүнісова Аяулым мен 8 А сынып аруы Жеңісова Дильназ. 9 Б сынып аруы Қайыржан Айсара «Көрермен көзайымы» номинациясымен, 7А сынып аруы Алимұса Арайлым «Көркем ару» номинациясымен

марапатталды.

Сайыс жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылардың сайысқа дайындығының жоғарғы деңгейде өткені көрініп тұрды.

 

                                                        Өткізген:             Жангалиева М.А.

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст