Үсенов атындағы Сабынды орта
мектебі бойынша «Адал ұрпақ» клубының жұмысын насихаттау мақсатында өткізілген
аудандық әдістемелік күннің есебі.
Қорғалжын аудандық білім бөлімінің
2017-2018 оқу жылының жоспарына сәйкес қараша айының 17-сі күні Үсенов атындағы
Сабынды орта мектебі бойынша «Адал ұрпақ» клубының жұмысын насихаттау
мақсатымен «Азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде оқушылардың бойында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында аудандық әдістемелік күн өтті. Іс-шараға бұйрық
бойынша арнайы аудандық мектептердің тәрбие жұмысын меңгерушілері келді.
Жоспарға сай қатысушыларды қарсы
алып тіркеу өткізіліп, мектепішілік экскурсия жүргізілді. Қатысушылар мектеп
ішін, шағын орталықты, кітапхана мен мұражайды аралады. Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» клубының
«Парасатты азамат» бұрышымен, атқарылған жұмыстармен және жоспарларымен
танысты. Тарих пәнінің мұғалімдері Иманова А.А, Қабдрашов Б.Ж және
Құдайбергенов Д.Қ. және «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен
«Біз- жемқорлыққа қарсымыз!» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты «Адал
ұрпақ» клубы мүшелері мен 9-11 сынп оқушыларынан құралған «жақтаушы» және
«даттаушы» болып, екі топқа бөлініп, өзара пікірталас негізінде өтті.
Пікірталасқа қатысушы топтар жемқорлықтың зиянын, жою тәсілдерін айтып, өз
ойларын білдірді. Сабақ соңында қонақтарға сөз беріліп шара патриоттық әнмен
аяқталды.
Әдістемелік күннің соңында Ашикова
Жанар Сауқымбайқызының басшылығымен қорытынды отырыс өтіп, тәрбие жұмысын
ұйымдастырушылары өзара ақпарат алмасып, «Рухани жаңғыру» аясында өтілетін
ісөшараларды талқылады.