Үсенов
атындағы Сабынды орта мектебінің
ұстаздар
күніне арналған іс – шаралар есебі.
2017
– 2018 оқу жылы.
Ұстаздар күніне орай іс – шаралар
жоспарға сай өткізілді.
Бастауыш сыныптары «Мектеп- білім тірегі,
Ұстаз – оның жүрегі» атты сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарына ардагер
ұстаздар шақырылып, құрмет көрсетілді.
«Менің алғашқы Ұстазым» тақырыбында
тілек қабырғаларын 5-6 сынып оқушылары дайындады. Оқушылар ұстаздарға арнап
жылы лебіздерін білдірді.
Мұғалімдерге арналған «Менің сүйікті
ұстазым» атты бейнероликтер 7-8 сынып оқушыларының атынан ұсынылды.
Бейнероликтер мереке күні дәліздер көрсетілді.
11 сынып оқушылары «Ай мен күннен
ұстаз атын жазар ем» тақырыбында әдеби монтаж ұйымдастырды. Жауапты сынып
жетекшісі Смагулова Айгүл Өмірзақовна.
9 сыныптарының ұйымдастыруымен 29 қыркүйек күні ұстаздар мерекесі атап
өтілді. Оқушылар ұстаздарға арнап слайд жасап, гүл шоқтарымен қарсы алды.
Мерекелік көңіл күй 30 қыркүйек күні сағат 10:30-де болған мерекелік концертпен
жалғасты. Оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Мерекелік іс – шара жоғарғы
деңгейде өткізілді. Іс-шараға ардагер ұстаздар шақырылды. Ұстаздармен түрлі
ойындар өткізіліп, викториналық сұрақтар қойылды.
Жауапты: Ашикова Ж.С.